«Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 Қаулысы (2024.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 Қаулысы
(2024.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2024.15.10. № 852 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 29 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Жүзу құралдарының, мұз үстімен жүретін құралдардың орналасқан жерінен сапарға шығуына (шығарылуына) құжаттар ресімдеудің тәртібі және тоқтамаларды, айлақтар мен жүзу құралдарының, мұз үстімен жүретін құралдардың орналасқан пункттерін жабдықтау тәртібі туралы нұсқама мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шекаралық режимнің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы № 20 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 1, 8-құжат);
Демо – версия документа