Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҒЫН КӨЛЕМДІ ӨЗДІГІНЕН ЖҮЗЕТІН ЖӘНЕ Ө...

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 Қаулысы

(2020.29.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 15 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Жүзу құралдарының, мұз үстімен жүретін құралдардың орналасқан жерінен сапарға шығуына (шығарылуына) құжаттар ресімдеудің тәртібі және тоқтамаларды, айлақтар мен жүзу құралдарының, мұз үстімен жүретін құралдардың орналасқан пункттерін жабдықтау тәртібі туралы нұсқама мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шекаралық режимнің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы № 20 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 1, 8-құжат);

2) «Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердің жолаушыларына қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1132 қаулысына қосымшаның 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 383-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку