«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1557 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 620 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1557 қаулысымен
бекітілген
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады, бірақ тоқсанында кемінде бір рет;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсету үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттаудан өткені туралы не аттестатталмағаны туралы шешімі. Комиссияның шешімін беру қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.
Комиссияның аттестаттаудан өткені туралы не аттестаттамағаны туралы шешімі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша аттестаттау өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей беріледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа