«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 39 бұйрығына 1-қосымша) (2014.19.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 297 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
1-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.19.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда № 1557 қаулысымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты негізінде (бұдан әрі - Стандарт), аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестациялық комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттау туралы не аттестаттамау туралы шешімі. Комиссияның шешімі қағаз жүзінде беріледі.
Комиссиясының аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы шешімі Стандарттың 1, 2-қосымшаларымен белгіленген нысандар бойынша аттестаттау өткеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей беріледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын алу рәсімдері (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) өтінішті тіркеу;
2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарау;
3) өтінішті құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметін көрсету басқармасының басшысы қарау;
Документ утратил силу
Демо – версия документа