(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.08.02 № 124 ҚАУЛЫСЫ
Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 Қаулысы
(2012.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.31.05. № 714 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2012.31.05. № 714 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.31.05. № 714 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2008 жылғы 8 ақпандағы
№ 124 қаулысымен
бекітілген
Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік
есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алудың тәртібін айқындайды.
3. Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу жүйелі, мерзімді толықтырылатын және нақтыланатын мәліметтер жиынтығын білдіреді, ол озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрында қалыптастырылады.
4. Қағидалар озон қабатын бұзатын заттарды тұтынумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - табиғат пайдаланушылар) қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа