«Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 714 Қаулысы (күші жойылды)
«Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 714 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдарды атмосфераға шығару және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 714 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 8 ақпандағы
№ 124 қаулысымен
бекітілген
Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік
есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алудың тәртібін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа