«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 21 тамыздағы
№ 657 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1131 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 539-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 669 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 26, 274-құжат).
4. «Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 71-құжат).
5. «Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1173 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 583-құжат).
Демо – версия документа