(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.28.02 № 197 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 және 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 197 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 514-құжат):
тақырыбында:
«тіркеу бойынша мемлекеттік» деген сөздер «тіркеу» мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көрсету» деген сөз алынып тасталсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақта:
«тіркеу» бойынша мемлекеттік» деген сөздер «тіркеу» мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көрсету» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
реттік нөмірі 14-жолдың 2-бағанындағы «Республикасына уақытша келетін» деген сөздер «Республикасында уақытша болатын» деген сөздермен ауыстырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа