«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 Қаулысы (2011.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 Қаулысы
(2011.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 113 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.02. № 197 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.03. № 304 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді
ҚР Үкіметінің 2011.28.02. № 197 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2011.28.02. № 197 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.03. № 304 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.28.02. № 197 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен тақырыбындағы және мәтініндегі «көрсету» деген сөз алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) көші-қон полициясының бөлімшелері және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі - ІІД КҚПБ) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет «Электрондық үкіметтің»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы да ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет:
1) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8, 9, 48-баптары;
2) «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 21, 22-баптары;
3) «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 9-тармағы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 8-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет стандарты туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) интернет-ресурсында: www.mvd.kz тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД-нің) «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ көші-қон полициясы бөлімшелерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Көші-қон карточкасының «тіркеу» бағанын толтыру не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Электрондық поштаға немесе жеке не заңды тұлғаның жеке кабинетіне веб-портал арқылы электрондық нысанда өтініш білдірілген кезде байланыс арналары арқылы паспортқа тұтынушыны тіркеу туралы жапсырма қағаз, ол ақпаратты қағаз тасымалдағышқа түсірудің кез келген құралында басып шығарылады не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір жұмыс күні;
2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;
3) жүгінген күні тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.
4) мемлекеттік қызмет алу үшін веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берген сәттен бастап - бір жұмыс күні.
8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Мемлекеттік қызмет демалыс күндерінен басқа, аптасына алты күн (дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліс, сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Веб-портал арқылы өтініш білдірілген кезде мемлекеттік қызмет тәулік бойы көрсетіледі.
10. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін көші-қон полициясы бөлімшелерінің үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіретін есігі, күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындары болады, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген санаттардың біріне жататын шетелдіктер:
1) Қазақстан Республикасына келуге және болуға визасы бар шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжатты ұсынады, осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген елдердің азаматтары үшін виза талап етілмейді;
2) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдары беретін шекарадан өткені туралы белгісі бар көші-қон карточкасын;
3) тіркеу туралы өтінішті ұсынады.
Қазақстан Республикасында уақытша болуы 6 айдан астам мерзімді құрайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу үшін қосымша:
1) толтырылған екі мекенжайлық келу парағын;
2) келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талонын;
3) 35х45 мм мөлшердегі бір фотосурет ұсынылады.
Веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы пайдаланыла отырып, веб-порталда электрондық нысанда сауалнама толтырылады.
12. Тіркеу туралы өтініштердің бланкілерін (осы заңды тұлғаның ресми бланкілерінде ресімделетін заңды тұлғалардың өтініштерін қоспағанда) көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері береді, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес интернет-ресурстарда көрсетілген.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тұтынушының болатын жері бойынша осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көші-қон полициясы бөлімшелеріне өткізіледі.
14. Барлық құжаттарды қабылдағаннан кейін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкері тұтынушыға осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.
15. Уақытша болатын жері бойынша тіркеу туралы белгісі бар көші-қон карточкасын және жеке басын куәландыратын құжатты шетелдік, азаматтығы жоқ адам өзі өтініш білдірген жері бойынша алады. Тіркеу шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның бірінші жүгінген жері бойынша ғана ресімделеді.
16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемде бермеу мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, құжаттардың сақталуын, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын ІІМ-нің бұйрығымен бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, ІІM хатшылығының қызметкері уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға көмек көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Шағымдар электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, ІІM басшылығына демалыс күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейін беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Дөрекі қызмет көрсетілгені туралы шағымдар пошталық және электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, ІІM басшылығына демалыс күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейін заңнамада белгіленген тәртіппен беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24. Шағым еркін нысанда жазбаша түрде пошта, электрондық пошта арқылы не ІІД, ІІМ хатшылығы арқылы қолма-қол қабылданады.
Жеке адамның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қояды.
25. Қабылданған шағым ішкі істер органдарының ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1, ІІМ мекенжайы бойынша, ІІМ-нің www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 71-51-31, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ІІД-лерде алуға болады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен
бекітілген мемлекеттік
1-қосымша
Р/с № | Ішкі істер департаменттері | Заңды мекенжайы | Интернет-ресурс | Ішкі істер департаменттері хатшылығының телефондары | Көші-қон полициясы бөлімшелерінің телефондары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Астана қаласының Ішкі істер департаменті | Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 29 | 71-61-98, 71-61-99 | 71-61-70, 71-60-18, 71-63-66 | |
1) | «Алматы» ауданының Ішкі істер басқармасы | Астана қаласы, Жансүгіров көшесі, 2 |
| 71-68-63 | 71-67-37 |
2) | «Сарыарқа» ауданының Ішкі істер басқармасы | Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 1 |
| 71-66-32 | 71-66-46 |
3) | «Есіл» ауданының Ішкі істер басқармасы | Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 21 |
| 79-88-02, 79-88-10 | 79-88-02 |
2. | Ақмола облысының Ішкі істер департаменті | Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 35 | 29-11-24, 29-11-25 | 25-66-62, 25-57-01 | |
1) | Көкшетау қаласының Ішкі істер басқармасы | Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 121 |
| 25-78-05, 29-96-79 | 23-03-49 |
2) | Степногор қаласының ішкі істер бөлімі | Степногор қаласы, 5-шағын аудан, 49 |
| 5-82-02 | 5-82-02 |
3) | Ақкөл ауданының ішкі істер бөлімі | Ақкөл қаласы, Октябрь көшесі, 2 |
| 2-10-02 | 2-10-02 |
4) | Аршалы ауданының ішкі істер бөлімі | Аршалы ауылы, Ташенов көшесі, 47 |
| 2-17-44 | 2-17-44 |
5) | Астрахань ауданының ішкі істер бөлімі | Астрахань ауылы, Байтұрсынов көшесі, 16 |
| 2-13-02 | 2-13-02 |
6) | Атбасар ауданының ішкі істер бөлімі | Атбасар қаласы, Урицк көшесі, 38 |
| 4-37-40 | 4-37-40 |
7) | Бұланды ауданының ішкі істер бөлімі | Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 135 |
| 2-10-02 | 2-10-02 |
8) | Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімі | Егіндікөл ауылы, Бейбітшілік көшесі, 8 |
| 2-14-85 | 2-14-85 |
9) | Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі | Степняк қаласы, Ленин көшесі, 79 |
| 2-30-40 | 2-30-40 |
10) | Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі | Ерейментау қаласы, Бөгенбай көшесі, 79 |
| 3-32-68 | 3-32-68 |
11) | Есіл ауданының ішкі істер бөлімі | Есіл қаласы, Әуезов көшесі, 63 |
| 2-12-02 | 2-12-02 |
12) | Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі | Жақсы ауылы, Тұрлыбаев көшесі, 34 |
| 2-12-89 | 2-12-89 |
13) | Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімі | Державинск қаласы, Захаров көшесі, 33 |
| 9-63-33 | 9-63-33 |
14) | Зеренді ауданының ішкі істер бөлімі | Зеренді ауылы, Ілиясов көшесі, 42 |
| 3-44-02 | 3-44-02 |
15) | Қорғалжын ауданының ішкі істер бөлімі | Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 8 |
| 2-14-35 | 2-14-35 |
16) | Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімі | Балкашино ауылы, Абай көшесі, 101 |
| 5-00-02 | 5-00-02 |
17) | Целиноград ауданының ішкі істер бөлімі | Ақмол ауылы |
| 92-4-18 | 92-4-18 |
18) | Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі | Шортанды ауылы, Советская көшесі, 21 |
| 2-75-02 | 2-75-02 |
3. | Алматы қаласының Ішкі істер департаменті | Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 109а | 254-41-55, 254-42-24 | 254-40-14, 254-40-34, 254-40-33 | |
1) | Алатау ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 78 |
| 298-54-85 | 298-54-88 |
2) | Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 109 |
| 254-46-29 | 254-46-22 |
3) | Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 76 |
| 298-53-53 | 221-09-86 |
4) | Бостандық ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Радостовец көшесі, 205 |
| 254-47-34 | 395-05-43 |
5) | Жетісу ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Райымбек көшесі, 158a |
| 279-96-88 | 233-69-18 |
6) | Медеу ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Зенков көшесі, 37 |
| 254-48-18 | 254-48-15 |
7) | Түріксіб ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 14 |
| 298-54-09 | 298-54-45 |
4. | Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті | Ақтөбе қаласы, 312 Атқыштар дивизиясы даңғылы, 5А | 51-27-55, 93-03-03 | 22-10-52, 22-14-75 | |
1) | Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасы | Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 21 |
| 21-23-38, 40-41-08 | 97-08-77, 97-08-70 |
2) | Әйтеке би ауданының ішкі істер бөлімі | Комсомол ауылы, Ардагер көшесі, 7 |
| 2-14-29 | 2-17-75 |
3) | Алға ауданының ішкі істер бөлімі | Алға қаласы, Мұқамбетов көшесі, 28 |
| 3-11-02 | 3-37-02 |
4) | Байғанин ауданының ішкі істер бөлімі | Байғанин ауылы, Советтер көшесі, 15 |
| 22-1-74 | 22-6-82 |
5) | Ырғыз ауданының ішкі істер бөлімі | Ырғыз ауылы, Ленин көшесі, 14 |
| 2-12-27 | 2-12-03 |
6) | Қарғалы ауданының ішкі істер бөлімі | Бадамша ауылы, Пацаев көшесі, 9 |
| 23-6-31 | 22-8-57 |
7) | Мәртөк ауданының ішкі істер бөлімі | Мәртөк ауылы, Ленин көшесі, 45 |
| 2-14-04 | 2-14-90 |
8) | Мұғалжар ауданының ішкі істер бөлімі | Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесі, 74а |
| 3-66-08 | 3-66-08 |
9) | Темір ауданының ішкі істер бөлімі | Шұбар құдық ауылы, Желтоқсан көшесі, 1 |
| 2-23-60 | 2-32-02 |
10) | Ойыл ауданының ішкі істер бөлімі | Ойыл ауылы, Қойшығұлов көшесі, 42 |
| 2-18-98 | 2-17-17 |
11) | Қобда ауданының ішкі істер бөлімі | Қобда ауылы, Астана көшесі, 97 |
| 2-16-92 | 2-16-95 |
12) | Хромтау ауданының ішкі істер бөлімі | Хромтау қаласы, Абай даңғылы, 10 |
| 2-12-37 | 2-16-24 |
13) | Шалқар ауданының ішкі істер бөлімі | Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі, 88 |
| 2-14-61 | 2-14-63 |
5. | Алматы облысының Ішкі істер департаменті | Талдықорған қаласы Жансүгіров көшесі, 91/95 | 60-02-11, 60-01-54 | 60-00-79, 60-00-57 | |
1) | Талдықорған қаласының Ішкі істер басқармасы | Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 249 |
| 60-86-04 | 24-42-00 |
2) | Еңбекшіқазақ ауданының Ішкі істер басқармасы | Есік қаласы, Тоқатаев көшесі, 105 |
| 4-48-89 | 4-48-89 |
3) | Іле ауданының Ішкі істер басқармасы | Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі |
| 51-72-14 | 51-72-14 |
4) | Қарасай ауданының Ішкі істер басқармасы | Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 90 |
| 98-34-22 | 2-28-06 |
5) | Талғар ауданының ішкі істер басқармасы | Талғар қаласы, Абылай хан көшесі, 120 |
| 295-61-05 | 295-61-05 |
6) | Қапшағай қаласының ішкі істер бөлімі | Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 4 |
| 4-17-98 | 4-10-98 |
7) | Текелі қаласының ішкі істер бөлімі | Текелі қаласы, Қонаев көшесі, 104 |
| 4-51-18 | 4-51-18 |
8) | Ақсу ауданының ішкі істер бөлімі | Жансүгіров кенті, Жекебаев көшесі, 104 |
| 2-15-95 | 2-15-95 |
9) | Алакөл ауданының ішкі істер бөлімі | Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 9 |
| 2-12-84 | 2-22-14 |
10) | Балқаш ауданының ішкі істер бөлімі | Бақанас ауылы, Сейфуллин көшесі, 1 |
| 91-4-01 | 91-4-01 |
11) | Ескелді ауданының ішкі істер бөлімі | Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 10 |
| 3-01-02 | 3-01-02 |
12) | Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі | Ұзынағаш ауылы, Рысқұлов көшесі, 78 |
| 2-12-45 | 2-15-45 |
13) | Қаратал ауданының ішкі істер бөлімі | Үштөбе қаласы, Төле би көшесі, 63 |
| 2-10-02 | 2-11-57 |
14) | Кербұлақ ауданының ішкі істер бөлімі | Сарыөзек ауылы, Момышұлы көшесі, 32 |
| 31-8-55 | 31-8-55 |
15) | Көксу ауданының ішкі істер бөлімі | Балпық би ауылы, Исабаев көшесі, 122 |
| 2-02-18 | 2-06-46 |
16) | Панфилов ауданының ішкі істер бөлімі | Жаркент қаласы, Жансүгіров көшесі, 102 |
| 5-12-02 | 5-12-02 |
17) | Райымбек ауданының ішкі істер бөлімі | Бөген ауылы, Жамбыл көшесі, 9 |
| 2-13-98 | 2-15-59 |
18) | Сарқанд ауданының ішкі істер бөлімі | Сарқанд қаласы, Жамбыл көшесі, 42 |
| 2-10-02 | 2-11-54 |
19) | Ұйғыр ауданының ішкі істер бөлімі | Шонжы ауылы, Исламов көшесі, 51 |
| 2-15-97 | 2-15-97 |
6. | Атырау облысының Ішкі істер департаменті | Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 85 | 98-21-17, 98-20-57 | 98-20-23, 98-20-77 | |
1) | Атырау қаласының Ішкі істер басқармасы | Атырау қаласы, Молдағұлова көшесі, 247 |
| 98-15-72 | 98-15-14 |
2) | Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі | Құлсары қаласы, Дүйсенбеков көшесі, 54 |
| 5-17-22 | 5-17-22 |
3) | Индер ауданының ішкі істер бөлімі | Индер кенті, Нысанбаев көшесі, 9 |
| 2-13-65 | 2-13-65 |
4) | Исатай ауданының ішкі істер бөлімі | Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 11 |
| 2-02-02 | 2-06-97 |
5) | Қызылқоға ауданының ішкі істер бөлімі | Миялы ауылы, Абай көшесі, 8 |
| 2-12-06 | 2-12-01 |
6) | Құрманғазы ауданының ішкі істер бөлімі | Ганюшкино ауылы, Абай көшесі, 37 |
| 2-11-89 | 2-11-20 |
7) | Мақат ауданының ішкі істер бөлімі | Мақат ауылы, Газовик көшесі, 13 |
| 3-09-60 | 3-09-60 |
8) | Махамбет ауданының ішкі істер бөлімі | Махамбет ауылы, Абай көшесі, 13 |
| 2-23-67 | 2-23-67 |
7. | Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті | Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1 | 23-43-17, 23-42-11, 23-43-21 | 23-42-17, 23-42-56 | |
1) | Өскемен қаласының Ішкі істер басқармасы | Өскемен қаласы, Пролетарская көшесі, 152 |
| 23-27-11, 23-27-12, 23-26-22 | 23-27-25, 23-27-86, 23-27-16 |
2) | Семей қаласының Ішкі істер басқармасы | Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 17 |
| 56-97-56 | 56-93-90 |
3) | Аягөз қаласының және Аягөз ауданының ішкі істер бөлімі | Аягөз қаласы, Тәңірберген көшесі, 68 |
| 3-33-43, 3-14-88 | 3-33-43, 3-14-88 |
4) | Зырян қаласының және Зырян ауданының ішкі істер бөлімі | Зырян қаласы, Горький көшесі, 34 |
| 4-19-31, 3-10-08 | 4-19-31, 3-10-08 |
5) | Риддер қаласының ішкі істер бөлімі | Риддер қаласы, Тоқтаров көшесі, 8 |
| 4-47-41, 4-22-50 | 4-52-13 |
6) | Абай ауданының ішкі істер бөлімі | Қарауыл ауылы, Молдағалиев көшесі, 13 |
| 9-13-26 | 9-13-26 |
7) | Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімі | Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі, 45 |
| 9-14-63, 9-18-61 | 9-14-63, 9-18-61 |
8) | Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі | Бородулиха ауылы, Бейбітшілік даңылы, 16 |
| 2-10-27 | 2-15-63 |
9) | Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі | Глубокое ауылы, Попович көшесі, 44 |
| 2-18-80, 2-26-77 | 2-29-75 |
10) | Жарма ауданының ішкі істер бөлімі | Қалбатау ауылы, Бабатайұлы көшесі, 36 |
| 6-57-54 | 2-66-40 |
11) | Зайсан ауданының ішкі істер бөлімі | Зайсан қаласы, Сәтпаев көшесі, 14 |
| 2-12-02, 2-13-06 | 2-12-02, 2-13-06 |
12) | Катон-Қарағай ауданының ішкі істер бөлімі | Үлкен Нарын ауылы, Абай көшесі, 1 |
| 2-13-02 | 2-13-02 |
13) | Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімі | Көкпекті ауылы, Астана көшесі, 33 |
| 2-17-94, 2-19-49 | 2-17-94, 2-19-49 |
14) | Күршім ауданының ішкі істер бөлімі | Күршім ауылы, Новая көшесі, 10 |
| 3-17-76, 3-21-58 | 3-17-76, 3-21-58 |
15) | Тарбағатай ауданының ішкі істер бөлімі | Ақсуат ауылы, Қабанбай ауылы, 1 |
| 2-18-03 | 2-18-03 |
16) | Ұлан ауданының ішкі істер бөлімі | Молодежное кенті, 5-үй |
| 2-74-33 | 2-74-33 |
17) | Үржар ауданының ішкі істер бөлімі | Үржар ауылы, Абылайхан көшесі, 171 |
| 2-10-02 | 2-10-02 |
18) | Шемонаиха ауданының ішкі істер бөлімі | Шемонаиха қаласы, Интернациональный көшесі, 2 |
| 2-15-66 | 2-15-71 |
19) | Курчатов қаласының полиция бөлімі | Курчатов қаласы, Абай көшесі, 10 |
| 2-55-01 | 2-37-82 |
8. | Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті | Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 80 | 43-39-44 | 43-37-31, 43-34-82 | |
1) | Тараз қаласының Ішкі істер басқармасы | Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, 5а |
| 34-36-23 | 34-36-23 |
2) | Байзақ ауданының ішкі істер бөлімі | Сарыкемер ауылы, Орынқұлов көшесі, 9а |
| 2-10-81 | 2-16-80 |
3) | Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі | Аса ауылы, Төле би көшесі, 178 |
| 2-15-63 | 2-15-63 |
4) | Жуалы ауданының ішкі істер бөлімі | Б. Момышұлы ауылы, Рысбек батыр көшесі, 84 |
| 2-16-20 | 2-16-20 |
5) | Қордай ауданының ішкі істер бөлімі | Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 326 |
| 2-20-02 | 2-20-02 |
6) | Мерке ауданының ішкі істер бөлімі | Мерке ауылы, Ысмайылов көшесі, 230 |
| 2-25-40 | 2-49-30 |
7) | Мойынқұм ауданының ішкі істер бөлімі | Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, 69 |
| 2-44-45 | 2-44-45 |
8) | Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі | Жаңатас қаласы, Әулие ата көшесі, 3 |
| 6-29-13 | 6-32-70 |
9) | Талас ауданының ішкі істер бөлімі | Қаратау қаласы, Қонаев көшесі, 20 |
| 6-27-14 | 6-27-14 |
10) | Тұрар Рысқұлов ауданының ішкі істер бөлімі | Күлпан ауылы, Жібек жолы көшесі, 57 |
| 2-14-50 | 2-14-50 |
11) | Шу ауданының ішкі істер бөлімі | Шу қаласы, Сәтпаев көшесі, 130 |
| 2-48-02 | 2-48-02 |
9. | Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті | Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45 | 98-40-30 | 98-45-17 98-40-17 | |
1) | Орал қаласының Ішкі істер басқармасы | Орал қаласы, Космическая көшесі, 10 |
| 92-18-33 | 92-18-14 |
2) | Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімі | Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі, 71 |
| 91-2-02 | 91-0-66 |
3) | Бөкейорда ауданының ішкі істер бөлімі | Сайхин кенті, Әбілқайыр хан к-сі, 21 |
| 21-5-68 | 21-5-61 |
Документ утратил силу