(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.18.02. № 153 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңiрлiк орталығы туралы үлгi ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 153 Қаулысы
(2006.14.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктілігiн арттыру өңiрлiк орталығы туралы үлгi ереже бекітілсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2005 жылғы 18 ақпандағы
№ 153 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру өңiрлiк орталығы туралы
үлгі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметшілердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы туралы үлгi ереже (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттік қызметшілердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығының (бұдан әрi - Орталық) міндеттерi мен функцияларын айқындайды.
2. Орталық жергiлiктi мемлекеттік органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнің мемлекеттік қызметшiлерiне қосымша кәсiби білiм берудiң бағдарламаларын iске асырады.
ҚР Үкіметінің 2006.14.09. № 867 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Орталық облыс әкiмдiгiнiң* қаулысымен құрылады және Орталық үшiн басқа да ұйымдық-құқықтық нысандары көзделуi мүмкiн Астана мен Алматы қалаларын қоспағанда, оның шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны болады.
Редакция документа
Демо – версия документа