Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.18.02. № 153 ҚАУЛЫСЫ

“Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктілігін
арттыру өңiрлiк орталығы туралы үлгi ереженi бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы
№ 153 Қаулысы

 

Осы редакция 2006 ж. 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктілігiн арттыру өңiрлiк орталығы туралы үлгi ереже бекітілсiн.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 18 ақпандағы

№ 153 қаулысымен

бекітілген

 

Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және

олардың біліктілігін арттыру өңiрлiк орталығы туралы

үлгі ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік қызметшілердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы туралы үлгi ереже (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттік қызметшілердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығының (бұдан әрi - Орталық) міндеттерi мен функцияларын айқындайды.

2. Орталық жергiлiктi мемлекеттік органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнің мемлекеттік қызметшiлерiне қосымша кәсiби білiм берудiң бағдарламаларын iске асырады.

3. Орталық облыс әкiмдiгiнiң* қаулысымен құрылады және Орталық үшiн басқа да ұйымдық-құқықтық нысандары көзделуi мүмкiн Астана мен Алматы қалаларын қоспағанда, оның шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны болады.

Орталықтың Жарғысын облыстың, Алматы қаласының әкiмдiгi бекiтедi.

__________________

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку