«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1091 Қаулысы (күші жойылды)
«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1091 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 559 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 153 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 83-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтары туралы ережені бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтары туралы ереже бекітілсін.»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы туралы үлгі ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 11 қазандағы
№ 1091 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 18 ақпандағы
№ 153 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру өңірлік орталықтары туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығына сәйкес әзірленді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа