Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 559 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 559 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 521-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес коммуналдық меншіктен берілетін мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі - кәсіпорындар) заңнамада белгіленген тәртіппен мүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қарамағына берілсін.

2. Осы қаулының 1-тармағы іске асырылғаннан кейін кәсіпорындар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.

3. Осы қаулының 1 және 2-тармақтары іске асырылғаннан кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Академия) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген қайта аталған кәсіпорындарды оған қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен, облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағын іске асыру бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку