(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.17.10 № 961 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 961 Қаулысы
(2009.27.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» және «Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта құру жолымен тиісінше жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» және «Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты» акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - қоғамдар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғамдар қызметінің негізгі мәні ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамдардың жарғыларын бекітуді;
2) қоғамдарды Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
4. ҚР Үкіметінің 2009.27.07. № 1148 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 17 қазандағы
№ 961 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
Редакция документа
Демо – версия документа