Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.17.10 № 961 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 961 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» және «Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта құру жолымен тиісінше жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» және «Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты» акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - қоғамдар) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғамдар қызметінің негізгі мәні ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамдардың жарғыларын бекітуді;

2) қоғамдарды Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3) қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку