(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2005.03.05 № 1567 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы
(2011.01.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 328 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 2, 16-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 7 мамырдағы № 866 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 137-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2005 жылғы мамырдың 3-і.
№ 1567
ҚР Президентінің 2007.27.11. № 446 Жарлығымен ар-намыс кодексі өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2011.01.04. № 1180 Жарлығымен ар-намыс кодексі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылғы 3 мамырдағы
№ 1567 Жарлығымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің
ар-намыс кодексі
(Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.
Редакция документа
Демо – версия документа