Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

-

Қазақстан Республикасы Президентінің
 Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы

(2007.27.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 1 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекітілсiн.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 328 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 2, 16-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 7 мамырдағы № 866 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 137-құжат).

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы мамырдың 3-і.

 

№ 1567

ҚР Президентінің 2007.27.11. № 446 Жарлығымен ар-намыс кодексі өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Президентінің

2005 жылғы 3 мамырдағы

№ 1567 Жарлығымен

бекiтілген

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң

АР-НАМЫС КОДЕКСІ

 

(Мемлекеттік қызметшілердің қызмет

этикасы ережелері)

 

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттік қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, білімi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку