(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган), мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.
Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: (www.minjust.kz) «Ақпараттық материалдар» бөлімінде;
Редакция документа
Демо – версия документа