(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметін «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметі «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орнатылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі тұтынушының тіркеу туралы белгісі бар кепіл шартын немесе өзге құжатын және тұтынушының қалауы бойынша берілетін жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті (қағаз тасымалдағышта) немесе Заңда көрсетілген негіздер бойынша тіркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны алуы болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 30 минуттан аспайды;
мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар көзделмеген;
Редакция документа
Демо – версия документа