(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.28.08 № 780 ҚАУЛЫСЫ
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 Қаулысы
(2010.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 28 тамыздағы
№ 780 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан
өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі, «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңдарына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын патент қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу және бағалау тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.22.04. № 338 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2) ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарын зертханалық сынау - морфологиялық және биохимиялық белгілері бойынша ерекшелігі мен біртектілігі және патент беруге арналған өтінімде ұсынылған сипаттамаға сәйкестігі мәніне зертханалық жағдайларда сортты сынау;
Редакция документа
Демо – версия документа