«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 338 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 338 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 382-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесінде:
2-тармақтың 5) тармақшасында «сараптама жасауды» деген сөздерден кейін «және сынауды» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «сонылығын, ерекшелігін, біртектілігін және тұрақтылығын» деген сөздер «патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Патент қабілеттілігі мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.»;
бірінші абзацтағы «және фитосанитариялық» деген сөздер «немесе фитосанитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «құжаттармен» деген сөзден кейін «, фитосанитариялық сертификатпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа