(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандарты
(2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - орталық), сондай-ақ өтініш берушіде электрондық цифрлық қолтаңбасы болса (бұдан әрі - ЭЦҚ) баламалы негізде www.е.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді (қайта тіркеу) тиісті облыста (Комитетте тіркелуге және қайта тіркелуге жататындардан басқалары) уәкілетті орган орталық арқылы жүзеге асырады.
Банктерді, республикалық және аймақтық мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді (оның ішінде барлық саяси партияларды), сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары және өкілдіктерін, республикалық және аймақтық мәртебесі бар діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) Комитет жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа