(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың
филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының негізінде жүзеге асырылады.
4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында www.minjust.kz «Ақпараттық материалдар» бөлімінде бұдан әрі «Заңды тұлғаларды (филиалдары мен өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында www.minjust.kz және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады, сондай-ақ ресми ақпарат құқықтық ақпарат қызметінің телефоны: (87172) 58-00-58 арқылы ұсынылады.
Редакция документа
Демо – версия документа