Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.21.12 № 1391 ҚАУЛЫСЫ

Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 Қаулысы

(2012.28.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1712 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 2010 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 1391 қаулысымен бекітілген

 

 

Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы

 

1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін белгілейді.

2. Прокаттау куәлігі фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада және басқа да іс-шараларда демонстрациялау үшін әкелінетін (жеткізілген), сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдерге беріледі.

3. Фильмге прокаттау куәлігі (бұдан әрі - прокаттау куәлігі) - фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, фильмнің индексі мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, оны прокаттауға негіз болып табылатын электрондық құжат нысанында берілетін құжат.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку