«Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1712 Қаулысы (күші жойылды)
«Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1712 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 74-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1712 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1391 қаулысымен
бекітілген
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы
1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін белгілейді.
2. Прокаттау куәлігі фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада және басқа да іс-шараларда демонстрациялау үшін әкелінетін (жеткізілген), сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдерге беріледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа