(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.18.01 № 103 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 290-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 340 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 148-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 61 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 9, 109-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 18 қаңтардағы
№ 103 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде
ұшудың негізгі қағидалары
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа