«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 61 Қаулысы (2011.12.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 61 Қаулысы
(2011.12.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2011.12.05. № 506 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2010.19.11. № 1221 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережесінде:
1-тармақта:
екінші абзацтағы «аумағының үстіндегі» деген сөздер «аумағында және әуе кеңістігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «қамтиды» деген сөздің алдынан «, әуеайлақтың жұмыс алаңында әуе кемелерінің қозғалысын басқару тәртібін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Әуеайлақтың жұмыс алаңы - маневр жасау алаңы мен перроннан (перрондардан) тұратын әуе кемелерінің ұшуына, қонуына және оларды рөлдеуге арналған әуеайлақ бөлігі.»;
бірінші абзацтағы «жергілікті әуе желілерінің» деген сөздер «жергілікті әуе желілері,» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац алынып тасталсын;
124-тармақтың он жетінші абзацы алынып тасталсын;
152-тармақ «азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-1-тараумен толықтырылсын:
«21-1-тарау. Әуеайлақтарда адамдар және көлік құралдарының қозғалысын басқару тәртібі
Документ утратил силу
Демо – версия документа