«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 Қаулысы (2014.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 Қаулысы
(2014.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тармағын қоспағанда ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.27.12. № 1413 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитеті болып;
4) осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 172 қаулысына
қосымша
Қайта аталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Демо – версия документа