«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1413 Қаулысы (2015.04.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1413 Қаулысы
(2015.04.09. берілген өзгерістермен)
1-тармағын қоспағанда ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 қазандағы № 677 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті болып;
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті болып;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті болып;
4) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып;
5) осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1413 қаулысына
қосымша
Қайта аталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың
тізбесі
Демо – версия документа