(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.12 № 2223 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 848 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2223 қаулысымен бекітілген
«Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару» мемлекеттік қызметі жергілікті әскери басқару органдарымен (бұдан әрі - ЖӘБО), сондай-ақ баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. ЖӘБО мен Орталықтардың тізбелері осы Стандартқа 2, 3-қосымшаларда көрсетілген.
ЖӘБО жоқ елді мекендерде әскерге шақырылушыларды есепке алуды және одан шығаруды кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтің әкімдері қамтамасыз етеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 16-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ереженің 34-71-тармақтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1232 (ҚПҮ) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы ереженің 9-тармағы 19) тармақшасының, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа