«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 219 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 22-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»;
1-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларындағы «көрсету» деген сөз алып тасталсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 22 шілдедегі
№ 848 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2223 қаулысымен
бекітілген
«Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа