(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.26.04 № 186 БҰЙРЫҒЫ
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығы
(2012.08.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 9-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау ережесі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданушылар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 203 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4721 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы маусымда жарияланған);
2) «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6301 тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 4 тамызда № 314 (26157) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.
3. Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Жансейітов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуін және мерзімдік басылымдарда жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа