Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданушылар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 203 Бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданушылар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 203 Бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке кадрларды дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарына түсушілер үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтер (1-қосымша);

2) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы жұмысқа жаңадан қабылданатын адамдар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтер (2-қосымша) бекітілсін.

2. ІІМ оқу орындарының басшылары үміткерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеуді осы бұйрықтың талаптарына сәйкес (1, 2-қосымшалар) жүзеге асырсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 31 шілдеде № 1603 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі істер органдарында және оқу орындарында дене шынықтыру және атыс дайындығын, бұқаралық дене шынықтыру - спорт жұмыстарын одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 маусымдағы № 497 бұйрығының күші жойылды деп есептелсін.

4. Мемлекеттік тіркеу бойынша міндет және осы бұйрықтың орындалуын бақылау ІІМ-нің Кадр жұмысы департаментіне (Ә.А.Ақанов) жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министрдің міндетін

атқарушы полиция генерал-майоры

 

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку