(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.28.11 № 631 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063, «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 және 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1260 қаулыларын орындау үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу қағидаларын қолдану туралы нұсқаулық;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіркелген және тіркеу есебінен шыққан азаматтарын есепке алу ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 352 бұйрығының (2011 жылғы 1 маусымдағы № 74-75 «Заң газеті» газетінде № 6758 басылып шыққан Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми басылып шығуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 1 желтоқсаннан туындайтын құқықтық қатынастар қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа