Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының тіркелген және тіркеуден шығарылған азаматтарын есепке алу ережелері (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 520 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 28 қарашадағы

№ 631 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының тіркелген және тіркеуден шығарылған азаматтарын есепке алу
ережелері
 
 
1. Қазақстан Республикасы азаматтарын тіркеу және тіркеуден шығару

 

1. Қазақстан Республикасының тіркелген және тіркеуден шығарылған азаматтарын есепке алудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе оның аумағынан тысқары жерлерден тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу, сондай-ақ шетелге тұрақты тұруға шығушы адамдарды тіркеуден шығарудың тәртібін айқындайды.

2. Азаматтың тіркелген жері оның заңды мекенжайы болып табылады.

3. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті органдар болып табылады.

4. Тіркеуге (тіркеуден шығаруға) материалдарды қабылдауды және тіркеу (тіркеуден шығару) бойынша ресімделген құжаттарды Қазақстан Республикасының азаматтарына беруді ішкі істер органдары олардың өтініш берген күні жүзеге асырады.

5. Азаматтарды тіркеу олардың тұрғын үйді меншігіне сатып алғанын растайтын немесе оны пайдалануға алғанын куәландыратын құжаттарды негізінде, оның ішінде жалға алу (жалдау), қосымша жалдау туралы келісім-шарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша оларға тұрғын үйге тұруға құқық беруші (бұдан әрі - тұрғын үйге құжаттар) шарттар бойынша, сондай-ақ тұрғын үй иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте тұрғын үй иесінің (жалға алушының) отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдарды мекенжай бойынша тіркеу тұрғын үйді иемденуге негіз болып табылмайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку