Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.06.04 № 376 ҚАУЛЫСЫ

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 Қаулысы
(2012.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 15 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 647 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.06. № 684 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.07. № 777 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.08 № 887 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.06.10. № 1141 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.03. № 292 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.04.12. № 1539 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы 6 сәуірдегі

№ 375 қаулысымен бекітілген

 

 

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың

тізбесі

 

Ұлттық басқарушы холдингтер

 

1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.

2. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.

 

 

Ұлттық холдингтер

 

3. «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы.

4. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы.

5. «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы.

 

 

Ұлттық компаниялар

 

6. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

7. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы.

8. «Қазпошта» акционерлік қоғамы.

9. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку