(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.06.04 № 376 ҚАУЛЫСЫ
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 Қаулысы
(2011.09.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 647 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 6 сәуірдегі
№ 375 қаулысымен бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесі
Ұлттық басқарушы холдингтер
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.
2. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.
Ұлттық холдингтер
3. «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы.
4. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы.
5. «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы.
Ұлттық компаниялар
6. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
7. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы.
8. «Қазпошта» акционерлік қоғамы.
9. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
10. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы.
Редакция документа
Демо – версия документа