«Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 11 қаңтардағы
№ 6 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі»
мемлекеттік қызмет стандарты
«Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - шетелдердегі мекемелер) ұсынады.
2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Консулдық жарғының 40 тармағына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеге; «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресiмдеуi жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығына сәйкес ұсынылады.
4. Мемлекеттік қызмет және қажетті құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында және ақпараттық стенділерінде орналастырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа