Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 363 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысына

бекітілген

 

Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу»
 мемлекеттік қызмет стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі - уәкілетті орган) «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ХҚТ ТП) пайдалана отырып, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар) арқылы көрсетеді, олардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 3 және 5-тармақтарының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық пошта: www.mvd.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен орталықтардың және уәкілетті органдардың үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады, олардың тізбесі осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі азаматтарды тіркеу кітабында мөртаңба қою не ХҚТ ТП ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізу және электрондық тасымалдаушысы бар жеке куәлікте азаматтың заңды мекенжайын қайта жазуды жүргізу немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оның азаматтарына және шет елден тұрақты тұруға келген азаматтарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку