(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2012 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысына
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ мекенжайы осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 29-тармағының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (электронды мекенжай: www.minjust.kz., «Сіз білесіз бе:» бөлімі) интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтардың үй-жайлары мен уәкілетті органдардағы стенділерде орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жүргізілгені туралы белгімен азаматтарды тіркеу кітабын және электронды тасымалдағышта жеке куәлікке азаматтың заңды мекенжайын қайта жазу немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе шетелден тұрақты тұруға келген азаматтарға (тұтынушыларға) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
Редакция документа
Демо – версия документа