Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысына

бекітілген

 

Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты» жері бойынша тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - Қазақстан Республикасында халықтың ішкі көші-қонын есепке алу және Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің конституциялық және азаматтық құқықтарын жүзеге асыру мақсатында азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылған. Қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органдарының қызметкерлері «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып көрсетеді.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру  және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы 27-тармағының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органдарымен (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны азаматтарды тіркеу кітабында азаматтарды тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу жасалғаны туралы белгі қою болып табылады.

6. Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеуге Қазақстан Республикасының оның аумағында тұрақты тұратын немесе шетелдерден тұрақты тұруға келген азаматтары жатады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) азаматтарды тіркеу екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку