(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КӨЛІК ТУРАЛЫ ҚР 21.09.94 Ж. № 156-XIII ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі № 156-XIII Заңы
(2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заң күшi бар «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң актілері туралы» ҚР Президентінің 1995 ж. 23 наурыздағы № 2147 Жарлығын қараңыз
Осы Заңның күшіне енуі туралы ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 ж. 21 қыркүйектегі № 157-XIII қаулысын қараңыз
2-бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi | |
4-бөлім. Көліктегі қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жауапкершілік | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілдi; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілдi
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлікті пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билік органының атынан).
Көлік кәсіпорны - жүктерді, жолаушыларды, теңдеме жүкті тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, оларда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнінде шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды.
Редакция документа
Демо – версия документа