(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КӨЛІК ТУРАЛЫ ҚР 21.09.94 Ж. № 156-XIII ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Қазақстан
Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі N 156-XIII
Заңы
(ҚР Президентінің 27.01.96 ж. N 2832 Жарлығымен; ҚР 28.12.98 г.
N 338-1; 06.12.01 г. N 260-II; 15.12.01 г. N 272-II;
24.12.01 г. N 276-II; 08.05.03 ж. N 414-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 9 шілдедегі N 596-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
(Бұрынғы ред. қара)
Осы Заңның күшіне енуі туралы ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 ж. 21 қыркүйектегі N 157-XIII қаулысын қараңыз
I бөлiм. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
II бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен (5 - 8 баптар)
басқару жүйесi
III бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi (9 - 14 баптар)
IV бөлiм. Көлiктегi қауiпсiздiк және жауапкершiлiк (15 - 24 баптар)
V бөлiм. Қорытынды ережелер (25 - 26 баптар)
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
I бөлiм. Жалпы ережелер
ҚР 28.12.98 г. N 338-1 Заңымен 1-бап өзгертілдi және толықтырылды
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Қазақстан Республикасының көлiгi - оның аумағында тiркелген теміржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электр, соның iшiнде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлiгi.
Көлiк кәсiпорны - жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiнде шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iс-әрекет жасайды.
Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктердi және почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн әрi осыған белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралдарын иеленушi заңды немесе жеке тұлға.
Демо – версия документа