«Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 Қаулысы (2021.18.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 Қаулысы
(2021.18.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 Қаулысымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1672 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі
нұсқаулық
ҚР Үкіметінің 2018.02.03. № 93 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік орган туралы ережені (бұдан әрі - ереже) мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереженің талаптарына және осы Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі - нұсқаулық) сәйкес дербес әзірлейді.
ҚР Үкіметінің 2018.02.03. № 93 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа