(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНІ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ БЕКІТ...
Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1672 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі
нұсқаулық
1. Мемлекеттік орган туралы ережені (бұдан әрі - ереже) мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы туралы үлгілік ереженің талаптарына және осы нұсқаулыққа (бұдан әрі - нұсқаулық) сәйкес дербес әзірлейді.
Редакция документа
Демо – версия документа