Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1530 Қаулысы (2015.23.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1530 Қаулысы

(2015.23.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2013.22.11. № 1254 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.

3. ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1034 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 340-құжат);

2) «Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 164 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 395-құжат).

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции