Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 Қаулысы (2012.25.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 Қаулысы

(2012.25.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1530 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.25.01. № 164 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) ҚР Үкіметінің 2012.25.01. № 164 Қаулысымен  алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 606 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 287-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 606 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 517 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 19, 171-құжат).

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции