«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығы (2019.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы
(2019.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қарашаның 28-і.
№ 438
Қазақстан Республикасы Президентінің
2012 жылғы 28 қарашадағы
№ 438 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Астана, 2012 жыл
Мазмұны
1. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың пайымы
3. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» екендігі аталып өткен «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.
Демо – версия документа