Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қ., 2012 жыл 27 қаңтар)
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
(Астана қ., 2012 жыл 27 қаңтар)
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын қараңыз
Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!
Ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты.
Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті.
Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 процентке өсті.
Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты.
Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ENRC, «Қазақмыс» компаниялары басым активтері мемлекет иелігінде болады.
Кезінде мен «мынадай жағдайларға байланысты сатып жатырмыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз» деп айтып едім.
Міне, енді бәрі қайтарылуда. Барлық акциялардың пакеті Қазақстанда. Енді өзіміз барлығына ықпал жасайтын боламыз.
Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды.
Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз.
Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқанын көріп отырсыздар.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін.
Біздің міндетіміз - экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады.
Біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз.
Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз.
Уважаемые соотечественники!
Новый этап Казахстанского пути - это новые задачи укрепления экономики, повышения благосостояния народа.
Казахстану жизненно важно найти оптимальный баланс между экономическими успехами и обеспечением общественных благ.
В современном мире это коренной вопрос социально-экономической модернизации.
Это главный вектор развития Казахстана в ближайшем десятилетии.
Демо – версия документа