Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.23.10 № 1654 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 Қаулысы

(2012.16.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 31-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру құқығын берсін

2) осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес қайта ұйымдастыруды жүргізген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін.

ҚР Үкіметінің 2011.02.09. № 1006 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте кондоминиум объектілері болған кезде аудан мен облыстық маңызы бар қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімдерін құрсын.

3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 23 қазандағы

№ 1654 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку